«XXI ғасырдағы Азиядағы құстардың миграциясы: қорытындылар, мәселелер және перспективалар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Өткізу уақыты: 9–12 қыркүйек 2026 ж.

Өтетін орны: «Шақпақ» орнитологиялық станциясы (Шақпақ ст.), Жуалы ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы

Орнитологическая станция Чокпак

Зоология институты Сіздерді «XXI ҒАСЫРДАҒЫ АЗИЯДАҒЫ ҚҰСТАРДЫҢ МИГРАЦИЯСЫ: ҚОРЫТЫНДЫЛАР, МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАР» атты, «Шақпақ» орнитологиялық станциясының 60 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның мақсаты – құстар миграциясын зерттеу нәтижелерін қорытындылау және Азиядағы миграциялық үдерістерді одан әрі зерттеуге арналған келісілген ғылыми-әдістемелік тәсілдерді әзірлеу.

Конференцияға құстар миграциясын зерттеу және сол қоныс аударатын түрлерді қорғау мәселелерімен айналысатын ғалымдар, биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы мамандар, биология және экология оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ табиғатты қорғау ұйымдары мен мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылады.

Логотипы организаторпов конференции

Конференцияны ұйымдастырушы: ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» РМК

Өткізу уақыты: 9–12 қыркүйек 2026 ж.

Өтетін орны: «Шақпақ» орнитологиялық станциясы (Шақпақ ст.), Жуалы ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы

Өткізу форматы: аралас («Шақпақ» станциясына келіп қатысу не онлайн қатысу)

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Өткізу форматы: гибридті – офлайн және онлайн («Шақпақ» станциясына келіп қатысу не онлайн қатысу).

Техникалық ақпарат: техникалық платформа, кесте және қосылу сілтемесі туралы ақпарат тіркелген қатысушыларға қосымша кейіндеу жіберіледі

Ұйымдастыру жарнасы: онлайн форматта қатысу – тегін. Ал Шақпаққа келіп қатысатындарға ұйымдастыру жарнасы бар

Қатысу түрі:

  • пленарлық баяндама (20 минутқа дейін);
  • секциялық ауызша баяндама (10 минутқа дейін);
  • материалдарды жариялау арқылы онлайн қатысу.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • құстардың миграциясы туралы XXI ғ. зерттеулерді қорытындылау және мониторинг деректерімен алмасу;
  • миграция жасайтын құстарды зерттеу мен қорғаудың басым мәселелері мен перспективалы бағыттарын айқындау;
  • Азиядағы құстар миграциясын зерттеудің өзекті мәселелерін талқылау.

Тіркелу

Қатысуға өтінім беру мерзімі – 2026 ж. 30 сәуіріне дейін.

Конференцияға қатысу үшін тіркеу формасын толтыру қажет: https://clck.ru/3S5Hqu
Егер онлайн форманы толтыру мүмкін болмаса, электрондық пошта арқылы тіркелуге болады. Ол үшін birdring@zool.kz поштасына хат жолдаңыз (толығырақ 1-ші ақпараттық хатта көрсетілген).

Материалды тапсыру және жариялау

Баяндама материалын тапсыру мерзімі – 2026 ж. 30 маусымына дейін.
Материалды рәсімдеу талаптары тіркелген соң, екінші ақпараттық хатта жіберіледі.
Конференция материалдары бойынша мақалалар «Зоология институтының еңбектері» жинағында жариялау жоспарлануда.

Маңызды уақыттар:

2026 жылдың 30 сәуіріне дейін – қатысуға өтінім беру

2026 жылдың 30 маусымына дейін – материалдарды тапсыру

Конференцияға келіп қатысу бойынша қосымша ақпарат: конференцияға офлайн қатысу кезіндегі ұйымдастыру жарнасы, трансфер, тұру және конференцияның мәдени бағдарламасы туралы ақпарат 1-ші ақпараттық хатта толығырақ көрсетілген

Ұйымдастыру комитеті:
E-mail: birdring@zool.kz
Тел.: +7 (771) 777 9292

«Шақпақ» орнитологиялық станциясының 60 жылдығына арналған «XXI ғасырдағы Азиядағы құстардың миграциясы: қорытындылар, мәселелер және перспективалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қуана шақырамыз.

«Шақпақ – 60» ұйымдастыру алқасы

Әкімші