Өтінімді ресімдеу ережелері

CИТЕС тізіміне енгізілген флора немесе фаунаның әрбір түріне экспорт, кері экспорт және импорт үшін арнайы рұқсат ресімдеу қажет.

CИТЕС рұқсаты – бұл жануарды немесе өсімдікті, сондай-ақ оның бір бөлігін немесе туындысын кеден арқылы тасымалдауға мүмкіндік беретін құжат.

Қазақстан Республикасында жануарлардың жер үсті түрлері бойынша СИТЕСТІҢ рұқсатын алу үшін төменде көрсетілген тізімге сәйкес өтінішті электрондық мекенжай бойынша толтыра отырып, СИТЕСТІҢ ғылыми органына жолдау қажет office@zool.kz.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін).
  2. Импортты, экспортты және (немесе) кері экспортты жеке мақсаттарда жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы осы импортты, экспортты және (немесе) кері экспортты жасау туралы ниетін растайтын келісімшарттың немесе шарттың көшірмесі.
  3. Экспорт жағдайында – жануардың шығу тегін растайтын құжаттың көшірмесі: қолдан өсіру актілері, аң аулауға рұқсаттың көшірмесі немесе жануарлар түрлері Қазақстан Республикасының аумағында табиғи мекендеу ортасынан алынған жағдайда жануарды алуға рұқсаттың көшірмесі, аралық бағалау актілері, сондай-ақ үлгілерді сатып алу туралы құжаттардың көшірмелері (жүкқұжат, шарт, актілер).
  4. Үлгілер Қазақстан Республикасының аумағына импортталған кезде, егер үлгі Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген жағдайда, экспортқа/кері экспортқа сертификаттың көшірмесі.
  5. Қазақстан Республикасының аумағынан аң аулайтын жыртқыш құстарды импорттау/экспорттау/ кері экспорттау кезінде сақиналары бар фотосуреттерді (микрочиптерді), сондай-ақ аң аулайтын жыртқыш құс паспортының көшірмесін қоса беру қажет.
  6. Конвенцияның I және II қосымшаларына енгізілген жануарлардың түрлерін қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның және (немесе) Конвенцияның I және II қосымшаларына енгізілген жануарлардың түрлерін қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

Ғылыми ұйым Қазақстан Республикасының аумағына импортқа, экспортқа және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан жойылып кету қаупі төнген СИТЕС қолданысына жататын жануарлар түрлерінің кері экспортына ғылыми қорытынды алуға өтініш келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны қарайды және ғылыми қорытынды береді не ғылыми қорытынды беруден бас тартады мынадай жағдайларда: 1) өтініш белгіленген нысан бойынша ұсынылмаған; 2) ұсынылған құжаттарда дәйексіз мәліметтер болған; 3) егер үлгілердің импорты, экспорты және (немесе) қайта экспорты олардың өмір сүруіне қауіп төндірсе.

Егер жануар СИТЕС қосымшасына кірмеген жағдайда ғылыми орган тиісті анықтама береді. Сіз СИТЕС-тің экспортталатын/импортталатын түрлерін өзіңіз алдын ала біле аласыз. Сіз оны келесі сілтемеден біле аласыз: https://zool.kz/kz/galim-organ-sites/kak-uznat-vhodit-li-zhivotnoe-v-sites-kz/.

Бекіре тұқымдас балықтар мен басқа да су жануарларына қатысты СИТЕС рұқсатын алу үшін Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы комитетіне жүгіну қажет. Өттінішті жеке және заңды тұлғалар бере алады.

СИТЕС ғылыми органының қорытындысын алғаннан кейін мемлекеттік портал “Электрондық үкімет” веб-порталы арқылы СИТЕС әкімшілік органына өтінім беру қажет www.egov.kz, www.elicense.kz (https://egov.kz/cms/kk/services/approval_documents/pass_342_mash).

Әкімшілік органның жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы Конвенцияның қолданысына жататын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспортқа рұқсат беру қағидаларымен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://zool.kz/kz/galim-organ-sites/koldanu-erezheleri/.

Әкімші