Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шелдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-4) тармақшасына, “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әкiмшiлiк орган – “Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы” 1999 жылғы 26 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына IХ-бабына сәйкес тағайындаған ұлттық әкімшілік орган;
2) өтiнiш беруші – лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші;
3) Конвенция – “Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы” 1999 жылғы 26 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қосылған;
4) ғылыми ұйым – “Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы” 1999 жылғы 26 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына IХ-бабына сәйкес тағайындаған тағайындаған ұлттық ғылыми ұйым;
5) үлгi – Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгiзiлген кез келген тiрi немесе өлi жануар немесе олардың оңай танылатын кез келген бөлiгi немесе дериваты;
6) рұқсат – рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығын растау;
7) тарап – өзі үшін Конвенция күшіне енген мемлекет.
2-тарау. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртiбi.
3. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импортауға және Қазақстан Республикасының аумағынан экспортауға рұқсат алуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттардың бірі конвенцияның III-V – бабына сәйкес ғылыми органның қорытындысы болып табылады.
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға және Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға ғылыми қорытынды алу үшін өтініш беруші ғылыми ұйымға қағаз нысанында мыналарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға және Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға ғылыми қорытынды алуға арналған өтінішті;
2) Қазақстан Республикасының аумағына үлгілерді импорттау кезінде, егер үлгі Конвенцияға 1, 2, 3-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспорттауға арналған рұқсаттың немесе кері экспорттауға арналған сертификаттың көшірмесін;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры аумағында өсетін өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын табиғи ортасынан алу жағдайында электрондық құжат нысанындағы орман билетінің көшірмесін;
4) үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына импорттау және аумағынан экспорттау кезінде аталған іс-қимылды жасау ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесін, сондай-ақ импортталатын және экспортталатын өнімнің саны мен көлемі, өнім түрі мен оның сипаттамасы (тірі, икебана) туралы мәліметтер көрсетілген құжатты.
4. Ғылыми ұйым Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарының Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға және Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға ғылыми қорытынды алуға арналған өтiнiш келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны қарайды және ғылыми қорытынды береді не мынадай:
1) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарының Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға және Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға ғылыми қорытынды алуға белгіленген нысан бойынша өтініш берғен;
2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің болған;
3) егер үлгілерді импорттау және экспорттау олардың тірі қалуына қатер төндіретін жағдайларда ғылыми қорытынды беруден бас тартады.
5. Ғылыми қорытынды ғылыми ұйымның фирмалық бланкісінде ресімделеді, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.07.2024 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. “Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарының Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру” мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге “электрондық үкіметтің” www.egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал)мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға өтініш;
2) ғылыми ұйым қорытындысының электрондық көшірмесін.
8. Құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус жіберіледі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы, орман билеті туралы, құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден “электрондық үкімет” шлюзі арқылы алады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні рұқсат алуға келіп түскен өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындауға береді (көрсетілетін қызметті алушы сағат 17.00-ден кейін немесе Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды қалыптастырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” жібереді.
Құжаттар топтамасы толық болған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Конвенцияға сәйкестігін қарайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралықсауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беру туралынемемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру орны туралы хабарлама жіберіледі.
10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.
11. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
12. Рұқсат осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы Конвенция қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беру журналына қол қойғыза отырып, өтініш берушінің сенімхаты бойынша өтініш берушіге немесе басқа адамға беріледі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымы Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның басшысының атына берілуі мүкін.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін мемлекеттік органның, атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Өтініш формасын төменде жүктеуге болады: