Іле-алатау табиғи паркіндегі СIMICOMORPHA I инфраотряды жартылай қаттықанаттыларының (HETEROPTERA) биоалуантүрлілігі

Авторлар: А.Н. Искакова, А.М. Кенжегалиев, П.А. Есенбекова, Г.Д. Анарбекова

Аннотация: Мақалада Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі территориясында 2020 жылы жүргізілген далалық ғылыми зерттеулер нәтижелері беріліп отыр. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Cimicomorpha I инфраотряды жартылай қаттықанаттыларының 4 тұқымдасына жататын 21 түрі анықталды.

Бұлардың ішінде түр құрамы жағынан басым аңшы қандалалар тұқымдасы (Nabidae – 7 түр, 33%), ұсақ жыртқыштар тұқымдасы (Anthocoridae – 7 түр, 33%), шілтерлілер тұқымдасы (Tingidae – 5 түр, 24%), ал жыртқыштар (Reduviidae) тұқымдасынан 2 түр (10%) ғана белгілі болды. Олар қоректік байланысы жағынан зоофагтар (16 түр, 76%), фитофагтар (4 түр, 19%) және мицетофагтар (1 түр, 5%) болып бөлінеді. Іле-Алатау МҰТП жартылай қаттықанаттылары жылына беретін ұрпақ санына қарай 2 топқа бөлінеді: жылына бір рет ұрпақ береді (моновольтинді – 19 түр, 90%), жылына бірнеше рет ұрпақ береді (поливольтинді – 2 түр, 10%). Зерттеу аймағындағы түрлер экологиялық жағынан мезофилді (100%) түрге жатады. Іле-Алатау МҰТП дендробионтты жартылай қаттықанаттыларының ішінде 16 түр (76%) ересек дара күйінде, 3 түр (14%) ересек дара, дернәсіл күйінде, 2 түр (3%) жұмыртқалар күйінде (7%) қыстайды.

Түйін сөздер: жартылай қаттықанаттылар, Cimicomorpha I инфраотряды, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан.

Әкімші