23 маусымда Астана қаласында қоршаған ортаны қорғауға және жолбарысты тарихи мекен ету аймағына қайтару жөніндегі халықаралық жобаны іске асыруға елеулі үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті.

Марапатталғандардың қатарында Институт зоологиясының териология зертханасының ғылыми қызметкері Байдавлетов Е.Р. болды. «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасы Ерлік Рыспекұлы Байдавлетовке Қазақстанда жолбарыс популяциясын қалпына келтіру бағдарламасын ғылыми сүйемелдеуге қосқан елеулі үлесі үшін табысталды.
Қазақстан жолбарысты қайта жерсіндіру бойынша мемлекеттік бағдарламаны кезең-кезеңімен жүзеге асыруда, оның мақсаты – 2050 жылға қарай өңірде жыртқыштың популяциясын қалпына келтіру. Жоба БҰҰДБ қолдауымен жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында жолбарыстың мекен ету ортасын қалпына келтіру, қоректік базаны дайындау және жобаны ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жобаны іске асырудың маңызды кезеңі ретінде 2026 жылғы мамыр айында Хабаровск өлкесінен (Ресей Федерациясы) төрт жолбарысты көшіру жүзеге асырылды.

Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаев табиғатты қорғау саласының мамандарына, ғалымдарға, «Іле-Балқаш» резерватының қызметкерлеріне, халықаралық сарапшыларға және жобаның барлық қатысушыларына алғыс білдірді. Олардың бірлескен еңбегінің арқасында жолбарысты Қазақстанға қайтару мүмкін болды.
24.06.2026
Суреттер Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің жарияланымынан (ҚР ЭТРМ)