Құрметті әріптесімізді құттықтаймыз – Нуркенов Туленды Тулешевич, Қазақстан Республикасының Зоология институтының жабайы жануарлар гермоплазмасының криобиологиясы және биобанк лабораториясының меңгерушісі, мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде өткізілген «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалары байқауының жеңімпазы атанғаны үшін шын жүректен құттықтаймыз. Бұл бағдарлама қазақстандық ғалымдарға әлемнің жетекші орталықтары мен университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

Туленды Тулешевичтің ғылыми тағылымдамасы Италияның Рим қаласындағы Sapienza университетінде 2025 жылғы 1 қазаннан 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін өтеді.
Ғылыми зерттеу тақырыбы жасушааралық байланыста экзосомалар (экстрацеллюлярлы везикулалар) рөлін зерттеумен байланысты. Әр түрлі жасушалар арасындағы экстрацеллюлярлы везикулалар арқылы жүретін өзара әрекет әлі толық зерттелмеген.
Аталмыш зерттеу жобасы бұл күрделі сигналдық процесті түсінуге ықпал етеді.
Жұмыстар алдыңғы қатарлы әдістерді қолдануға негізделеді: жасуша мәдениеттері, экстрацеллюлярлы везикулаларды SEC әдісімен бөліп алу (Size Exclusion Chromatography — гель-сепарациялау), конфокальды микроскопия, TEM (өткізгіш электрондық микроскопия), SEM (сканирлеуші электрондық микроскопия), AFM (атомдық күштер микроскопиясы), DLS (динамикалық жарық шашырауы), NTA (нанобөлшектерді бақылайтын талдау), ДНҚ бөліп алу, ПЦР, гель-электрофорез, Вестерн-блот, ТС-хроматография (тонкослойлы хроматография), иммунocytохимия және иммуноблоттинг, протеомдық талдау.
Бұл тағылымдама биологиялық ғылымдағы заманауи зерттеу әдістерін меңгеру тұрғысынан маңызды болып табылады және Қазақстанда клеткалық биология саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізуге қажетті дағдыларды қалыптастыруға септігін тигізеді.
Алынған нәтижелер конференцияларға қатысуға және беделді журналда мақала дайындауға қолданылатын болады.