Зоология институтының энтомология зертханасының меңгерушісі People&Projects Forum 2026 форумында сөз сөйледі

2026 жылғы 9–10 қазанда Астана қаласында жобаларды басқарудың заманауи тәсілдеріне арналған People&Projects Forum: Biomimetic & Management халықаралық форумы өтті. Форум спикерлерінің бірі – Қазақстан Республикасы Зоология институтының энтомология зертханасының меңгерушісі Сергей Владимирович Колов.

Ыорум People&Projects

Форум мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес өкілдерінің және академиялық қауымдастықтың өкілдерін біріктіріп, тәжірибе алмасуға, жобалар мен ұйымдарды басқарудың өзекті тәсілдерін талқылауға мүмкіндік берді. Бағдарлама аясында жүйелі ойлау, тәуекелдерді басқару, коммуникация, сондай-ақ басқару тәжірибесінде жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды қолдану мәселелері қарастырылды.

Форумның негізгі тақырыптарының бірі – Biomimetic & Management тұжырымдамасы болды. Бұл – тірі жүйелерге тән қағидаттар мен тетіктерді жобалар мен ұйымдарды басқару саласында қолдану тәсілі. Қатысушылар табиғаттағы бейімделу, өзара әрекеттесу, ресурстарды бөлу және тұрақтылықты сақтау тетіктерінің басқару үдерістерін жетілдіруге тың идеялар бере алатынын талқылады.

Сергей Коловтың форумға қатысуы Зоология институтының ғылым мен басқа да кәсіби салалар арасындағы білім және тәжірибе алмасуға ықпал ететін пәнаралық алаңдардағы өкілдігін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Форумды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana IT University және People&Projects командасы.

13.10.2026 ж.

Фото: форумды ұйымдастырушылар

Әкімші