Жауапты орындаушы: Қадырбеков Рүстем Хасенович
Іске асыру мерзімі: 2025–2027 жж.
ИРН: BR28712767
ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Зоология институты «Жайық маңы өңірінің экологиялық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық-географиялық, палеобиогеографиялық аспектілерін зерттеу және оның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау» атты мақсатты қаржыландыру бағдарламасының бірлескен орындаушысы болып табылады. Бағдарлама бөлімі: II. Биоэкологиялық зерттеулер және биоалуантүрлілікті мониторингтеу блогы. Бағдарламаның негізгі орындаушысы – «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕАҚ, ғылыми жетекшісі – б.ғ.д. Дарбаева Талшен Есеноманқызы.
ЖОБА ТУРАЛЫ
Зерттеу аумағы – Жайық өзені алабының орта және төменгі ағысы шегіндегі Жайық маңы өңірі (Батыс Қазақстан, Атырау облыстары және Ақтөбе облысының солтүстігі – Ілек, Ор, Қобда өзендері алаптары). Өңірдің жалпы ауданы 351 591 км².
Өңір фаунасын кешенді зерттеу биоалуантүрлілік туралы білімдегі олқылықтарды толықтыруға мүмкіндік береді. Жайық маңы фаунасы үзік-үзік зерттелген, ал қолда бар деректер түрлі таксономиялық жарияланымдарда шашыраңқы түрде берілген. Арахнофауна, акарофауна, энтомофауна, ихтиофауна бойынша жүйелі зерттеулердің болмауы олардың құрамы мен құрылымы туралы түсінікті шектейді және экологиялық, биогеографиялық зерттеулерді қиындатады. Фаунистік құрам туралы мәліметтердің жеткіліксіздігі жануарлар қауымдастықтарының құрылымына экологиялық факторлардың әсерін бағалауды тежейді, бұл биоалуантүрлілікті сақтау шараларын әзірлеуге кедергі келтіреді.
ЖОБАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
Өңірде алғаш рет аңшылық шаруашылығының ресурстық әлеуетіне кешенді баға беріледі. Бұған дейінгі зерттеулер көбіне кәсіптік аң түрлерін сипаттауға немесе оларды қорғауға бағытталған болатын. Қазіргі жағдайдағы аңшылық шаруашылығының ерекшеліктері, оның тиімділігі мен экономикалық аспектілері жеткілікті зерттелмеген. Осы мәселелерге арнайы зерттеулер арналмақ.
Алғаш рет өңір фаунасының жекелеген өкілдерінің экожүйелік өзгерістер индикаторы ретіндегі рөлі биоалуантүрлілік, трофикалық ниша және антропогендік әсерлерге төзімділік тұрғысынан жүйелі түрде зерттеледі. Климаттық өзгерістер мен антропогендік қысым жағдайында экожүйелердің тұрақтылығын бағалау үшін популяциялардың таралуы мен динамикасын талдаудың инновациялық әдістері ұсынылады.
Өзекті міндеттердің бірі – өңірдің сирек және ҚР Қызыл кітабына енгізілген герпетофауналық түрлерін мониторингтеу және климаттық әрі антропогендік өзгерістер жағдайында оларды қорғау шараларын әзірлеу.
Сонымен қатар өңір жануарлар дүниесінің кадастрына арналған, қазіргі және қазба түрлер туралы мәліметтерді қамтитын және ГИС-пен біріктірілген электрондық деректер базасы жасалады.
МІНДЕТТЕР:
- Өңірдің табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты пайдалану бойынша ғылыми-инновациялық әдістер кешенін әзірлеу, биоалуантүрлілік каталогтарын жасау және сирек әрі эндемик объектілерге метагеномдық зерттеулер жүргізу;
- Өңір жануарлар дүниесінің қазіргі және қазба түрлері туралы деректерді қамтитын, ГИС-пен біріктірілген электрондық кадастр деректер банкін құру;
- Қазіргі және қазба қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың биоалуантүрлілігін және олардың биологиясының барлық аспектілерін әлемдік деңгейдегі жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып зерттеу;
- Биоалуантүрлілік мониторингі, сирек және эндемик түрлердің таралу аймақтарын анықтау;
- Арахнология, энтомология және гидробиология салаларында заманауи зерттеу инфрақұрылымын қалыптастыру.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:
– биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты пайдалану бойынша ғылыми-инновациялық әдістер кешені әзірленеді;
– ГИС-пен біріктірілген жануарлар дүниесінің электрондық кадастр деректер банкі құрылады;
– қазіргі және қазба қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың биоалуантүрлілігі зерттеледі;
– сирек және эндемик түрлердің таралу аймақтары анықталады;
– арахнология, энтомология және гидробиология салаларында заманауи зерттеу инфрақұрылымы жасалады.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Жобаға ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Зоология институтының 11 маманы қатысады.
Бағдарлама бөлімінің жауапты орындаушысы – Қадырбеков Рүстем Хасенович, бас ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының докторы, ORCID ID: 0000-0003-0550-3697, Scopus Author ID: 15729394100, h-index 2
Тлеппаева А.М., аға ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының кандидаты, ORCID ID: 0000-0002-9754-2177, Scopus Author ID: 57195611234, h-index 2
Дүйсебаева Т.Н., жетекші ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының кандидаты, ORCID ID: 0000-0002-0127-3604, Scopus Author ID: 22634360000, h-index 10
Малахов Д.В., аға ғылыми қызметкер, ORCID ID: 0000-0002-7844-6569, Scopus Author ID: 36794244500, h-index 8
Есжанов А.Б., аға ғылыми қызметкер, PhD, ORCID ID: 0000-0001-6572-5668, Scopus Author ID: 56891752100, h-index 6
Нехаева А.А., аға ғылыми қызметкер, биология ғылымдарының кандидаты, ORCID ID: 0000-0002-4972-2122, Scopus Author ID: 54891966800, h-index 4
Титов С.В., аға ғылыми қызметкер, ғылым докторы (Sc.D), ORCID ID: 0000-0003-2196-280X, Scopus Author ID: 54390454100, h-index 3
Плахов К.Н., аға ғылыми қызметкер, ORCID ID: 0000-0001-8627-2311, Scopus Author ID: 56728663500, h-index 3
Линник А.С., аға ғылыми қызметкер, ORCID ID: 0000-0003-4472-2307
Ким Л.В., кіші ғылыми қызметкер, магистр, ORCID ID: 0000-0003-1916-7639, Scopus Author ID: 59350923800, h-index 1
Курбанова Р.А., кіші ғылыми қызметкер, магистр, ORCID ID: 0009-0008-6273-0523, Scopus Author ID: 58868159100, h-index 1
ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ:
2025 ж. қысқаша қорытындылар
Жоба бойынша жұмыстар 2025 жылғы 14 қазанда басталды. Есептік кезеңде өңір фаунасына арналған әдеби дереккөздерге талдау жүргізілді.
Талдау нәтижесінде жануарлардың әртүрлі топтары бойынша келесі деректер алынды.
Қазақстанның батыс облыстарындағы өрмекшілердің барлық жиынтығы, 24 туысқа жататын 382 түрді құрайды. Ең жоғары әртүрлілік Gnaphosidae (75 түр, 19%) және Salticidae (63 түр, 16%) туыстастарына тән. Осылайша, Батыс Қазақстан облысындағы өрмекшілерді зерттеу айтарлықтай ілгерілеу болса, ал жалпы батыс Қазақстан бойынша зерттеу деңгейі жеткіліксіз күйінде қалып отыр, әсіресе Ақтөбе және Атырау облыстарына қатысты. Қолда бар деректер облыстар арасындағы фауналардың жоғары ұқсастығын көрсетеді, алайда әртүрлі биотоптар мен маусымдарды қамтитын қосымша зерттеулер жүргізу қажеттілігі айқын. Бұл аранеофаунаның құрамын және құрылымын нақтылауға мүмкіндік береді, бұл өрмекшілердің таралу ерекшеліктерін анықтау және фаунаның қалыптасу заңдылықтарын түсіну үшін маңызды.
Қазіргі уақытта зерттеу өңірінде энтомофауна бойынша 11 топтағы,108 туысқа 918 тұқымдастың 1813 түрі анықталған. Облыстар бойынша зерттелу деңгейі: Атырау облысы – 799, Батыс Қазақстан облысы – 1028 түрі; Ақтөбе облысы – 5 топқа жататын 34 туыстың 486 тұқымдасындағы 994 түрі тіркелген. Қазіргі уақытта энтомофаунаның зерттелуінің ең жақсы көрінісі Батыс Қазақстан облысында байқалады.
Приуралье ихтиофаунасының әртүрлілігі 12 тобындағы 21 тұқымдасына жататын 51 түрі ұсынылған. Ихтиофаунаны зоогеографиялық критерийлер (теңіз немесе тұщы су) және экологиялық топтар (өтпелі және тұщы су түрлері) бойынша бөлуге болады.
Жобалық аумақтың герпетофаунасының қазіргі нақты тізімі 26 түрін қамтыйды, оның ішіндеқосмекенділердің 5 түрі: қызылқұрсақты шұбар бақа, Паллас сарбас бақасы, шығыс жасыл құрбақа, көл және сүйіртұмсық бақалар; тасбақалардың екі түрі – батпақ және ортазиялық тасбақа; кесірткелердің 9 түрі: шырылдауық гекконша, сұр геккон, дала агамасы, домалақбас кесірткелер – жылмаң, тақыр, құлақты және жүгіргіш кесірткелер, ала және жылдам, сондай-ақ жасыл кесіртке; жыландардың 10 түрі – құм боасы, мысжылан, қарашұбар жыландар: каспий, Паллас және өрнекті, сужыландар – кәдімгі және су, оқ-жылан, қараған қалқантұмсығы және шығыс дала сұржыланы. XIX – XX ғасырдың басындағы әдебиеттерде аталған, бірақ жобалық аумақта тіршілік етуі әлі расталмаған түрлер тізімге енгізілген жоқ. Герпетологиялық зерттеулер тарихын талдау мәселелерді белгілеуге және осы жоба аясында бірінші кезекте назар аударуды қажет ететін аудандарды анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеулерге тартылған барлық жануарлар топтары бойынша деректермен деректер базасын толықтыру басталды.
Аңшылық шаруашылығы бойынша зерттеулер 2026 жылдан басталады.