ҚР Зоология институтының қызметкерлері «Алтын-Емел» ұлттық паркінде тұяқты жануарларды қысқы есепке алудың жыл сайынғы шарасына қатысты
Териология зертханасының ғылыми қызметкерлері: Грачев А.А., Сапарбаев С.Қ., Ташибаев Е.С., Беспалов М.В. және Беспалов С.В. Жетісу ӨТБ, «Охотзоопром» РМКҚ және АСБК қызметкерлерімен бірге екі күн бойы «Алтын-Емел» МҰТП аумағындағы тұяқты жануарларды санау жұмыстарын жүргізді. Санақ жануарларды көзбен шолып бақылау және олардың іздерін есепке алу әдістерімен атқарылды.









