Өткізу күні: 2026 жылғы 18–19 маусым
Өткізу орны: Алматы, Қазақстан

Құрметті әріптестер!
Сіздерді еліміздегі ең ірі мегаполиске жақын орналасқан «Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдығына арналған «ЕУРАЗИЯДАҒЫ ТАУ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІНІҢ САҚТАЛУЫ МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Конференция 18–19 маусым күндері Алматы қаласында өтеді.
Конференцияның мақсаты: таулы аймақтардың биоәралуандығын зерттеу, мониторинг жүргізу мен сақтау саласындағы заманауи тәсілдерді талқылау үшін ғалымдарды, зерттеушілерді, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мамандарын және ғылыми ұйымдардың өкілдерін біріктіру, сондай-ақ тау экожүйелерінің флорасы мен фаунасын қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосу.

Конференция форматы: аралас формат (офлайн және онлайн)
Конференцияны ұйымдастырушылар: “Іле Алатауы” МҰТП РММ, “Зоология институты” РМК, “Ботаника және фитоинтродукция институты” РМК, “Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ” ЖШС
Конференция жұмысына қатысқысы келетіндер өтінім мен мақалаға арналған материалдарды 2026 жылғы 20 сәуірге дейін электрондық түрде ile-alatau.nauka@mail.ru электрондық поштасына doc форматында сақталған қосымша файлдар ретінде жолдауы қажет.