Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі

Зоология институты Қазақстанның құқық қорғау және күш құрылымдарының қызметкерлеріне мемлекеттік төңкерісті басуда көрсеткен ерлігі мен табандылығы үшін, сондай-ақ ҰҚШҰ елдерінің (Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения және Белоруссия) жедел ұтқыр күштеріне біздің елдегі жағдайды тұрақтандыруға көмектескені үшін шынайы алғысын білдіреді.

Зоология институтының ұжымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының парламентінде сөйлеген сөзінде айтқан реформалар жоспарын толық қолдайды және барлық қазақстандықтарды алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде күш біріктіруге шақырады.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: “Біздің азаматтарымыз патриотизм, бірлік көрсетті, біз барлық қиындықтарды бірге еңсереміз, бірге жаңа Қазақстан құрамыз”, – деп мәлімдеді. Ең қиын күндер артта қалды, енді біз бәріміз бірге жаңа Қазақстанды құратын боламыз.

ҚР Президентінің ғылымды қаржыландыруды елдің ЖІӨ-нің 1% – ы мөлшерінде арттыру туралы шешімін біртіндеп іске асыру ғалымдардың қызметіне оң әсерін тигізуде. Мемлекет соңғы екі жылда ғылымды дамытуға көп бюджет қаражатын бөлді. Базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру айтарлықтай ұлғайтылды, бұл ел үшін маңызды ғылыми жобаларды іске асыруды бастауға мүмкіндік берді; қымбат тұратын ғылыми жабдықтарды сатып алу жүргізілді, жалақы айтарлықтай артты; жас ғалымдарды қолдаудан басқа, біздің мамандардың жасына қарамастан әлемдік ғылым орталықтарына тағылымдамадан өтуі де субсидияланады, жас мамандардың әлемнің жетекші университеттерінде білім алу мүмкіндігі артады. ҚР БҒМ Ғылым комитеті іргелі және қолданбалы ғылымды тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін қажетті реформаларды дәйекті түрде ілгерілетуде.

Пайда болған жаңа мүмкіндіктер ғалымдардың өзінен үлкен жауапкершілікті және өз жұмысының керемет нәтижелерін алуға табандылықты талап етеді. Мысалы, Зоология институтының қызметі Зоология саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге, Қазақстанның қазіргі жануарлар әлемі, сондай-ақ бұрынғы геологиялық дәуірлердің фаунасы туралы жаңа ғылыми білім алуға, оның эволюциясын, филогениясын, түрлік биоалуантүрлілікті зерделеуге және қоршаған ортаның жай-күйіне байланысты популяция мен қоғамдастықтар динамикасының заңдылықтарын белгілеуге бағытталған. Зерттеу нәтижелері бағалы зоологиялық ресурстарды басқару саласында тиімді мемлекеттік саясатты жүргізу, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалану және “жасыл экономиканы” дамыту (биологиялық ресурстарды сақтау және ұқыпты пайдалану) үшін негіз болып табылады.

Бүгін Қазақстан Президенті жария еткен Әлеуметтік және мемлекеттік реформалар қоғам мен мемлекетті тиімді трансформациялауға бағытталған және елдің болашақ дамуы үшін негіз болатыны сөзсіз.

Әкімші