Биоценология және аңшылықтану лабораториясы

Биоценология және аңшылықтану лабораториясы зоология институтының құрамында 2021 жылы ғылыми кеңестін шешімінің негізінде (№11 хаттама 2021 жылдың 07 қарашасынан) және институттың бас директорынын 2021 жылдың 18 –  қарашасындағы №43-11 жарлығы негізінде құрылды.

Лаборатория жұмысының мақсаты

Лаборатория жұмысының мақсаты – биоценология және аңшылықтану шеңберіңде қолданбалы және іргелі зерттеу жұмыстарын  жүргізу.

Лаборатория жұмысының негізгі міңдеттері биоценология және аңшылықтану саласындағы мектепті қалпына келтіре отырып қайта құрастыру. Популяцияларды, биоценоздарды және экосистемаларды зерттеу барысында комплексті негізді қалыптастыру.

Биоценология бойынша:

  • Биоценоздар мен экосистемалардың  кеңістіктік, уақыттық, демографиялық және популяциялық құрылымын зерттеу.
  • Биоценоздар мен экосистемалардың, популяциялардың құрылымын, динамикасын ГАЖ-технологияларды пайдалана отырып зерттеу.
  • Биоалуантүрлілік пен оның компоненттерін сақтап қалу бойынша және экосистемалар мен жануарлар дүниесінің ресурстарын тұрақты пайдалану әдістері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу.
  • Биоценодоздар мен экосистемаларға және популяцияларға әсер етуді бағалау методологиясы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу.
  • Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды жобалау, айқындау және қалыптастыру стратегиялары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу. Биоценодоздар мен экосистемаларға және популяцияларға әсер ету факторларын айқындау  және олардың мониторингін жетілдіру  бойынша  зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Аңшылықтану бойынша:

  • Биоценодоздар мен экосистемаларға және популяцияларға аңшылықтың әсерін зерттеу.
  • Аңшылықтың түрлерін:  әуесқойлық (спорттық) оның ішінде  трофейлік аңшылық, аңшылық иттермен және дәстүрлі аңшылық (құстармен және дүстүрлі аңышылық иттер түрлерімен мен) және кәсіби аңшылық түрлерін зерттеу.
  • Аңшылық шаруашылықтарды жобалау, оларды жүргізу, жабайы жануарларды асырап оларды көбейту, жануарлардың аңшылықта қолданылаиын түрлерін тұрақты пайдалану бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу.
  • Биоценодоздар мен экосистемалардың және популяциялардың, аңшылық шаруашылықтардың, питомниктердің ветеринарлық жағдайын зерттеу, және ветеринарлық хал-ақуалын бақылау бойынша жұмыстар жүргізу.

Биоценология және аңшылықтану лабораториясының ғылыми мақалалары:

Барлық мақалаларды сілтемеге өтіп оқи аласыздар: https://zool.kz/category/izdaniya-instituta/stati/biocen-hunting/


Анықтамалар:

Биоценология – биоценоздардағы организмдердің  өмір сүру заңдылықтарын, популяциялық құрылымын, энергия бағыты мен затттардың айналымын  зерттейтін  экологияның орталық бөлімі.

Биоценоз – жануарлар мен өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың және микроорганизмдердің біркелкі табиғи ортадағы (құрлықтың немесе судың бір бөлігі) бір-бірімен байланысқан тарихи қалыптасқан тобы.

Аңшылықтану – аңшылық пен аңшылық шаруашылығы жайындағы ғылым; аңшылық аумақтарды, кәсіптік жабайы жануарлар түрлерінің биологиясын, аңшылық аулау құралдары мен әдістерін зерттеді; аңшылық шаруашылықтардың ұйымдастыруы мен экономикасын зерттейді.

Экология тірі организмдер  дүниесі мен олардың мекен ету ортасының байланысын зерттейтін синтетикалық биологиялық ғылым.

Әкімші