Марина Александровна Чирикованы, ҚР Зоология институтының ғылым жөніндегі бас директордың орынбасарын, Найля Базанова атындағы марапатқа ие болуымен құттықтаймыз!
Халықаралық әйелдер күніне орай Ғылым ордасы ғимаратында әйел-ғалымдарға арналған академик Найля Базанова атындағы наградаларды тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Наградаларды Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Басқарма төрағасы Ахылбек Қажігүлұлы Күрішбаев табыстады.









