Зоология институтында фототұзақтарды пайдалану арқылы тұяқты жануарларды есепке алудың заманауи әдістері талқыланды
2026 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Зоология институтында цифрлық технологияларды пайдалану арқылы жабайы жануарларды мониторингтеу мен олардың санын бағалаудың заманауи тәсілдеріне арналған «Фототұзақтар көмегімен орман белдеуіндегі тұяқты жануарларды есепке алудың заманауи әдістері» атты дөңгелек үстел өтті.









